Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді

Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мәселелері талқыланды.

Президент әкімдердің бұған дейін берілген тапсырмалардың атқарылуы туралы есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына пандемия жағдайында халықтың қажеттігін қамтамасыз ету маңызды екенін айтып өтті.

Жиын соңында Мемлекет басшысы әкімдерге аймақтарды дамытудың, халықтың тұрмысын жақсартудың өзекті мәселелерін шұғыл шешу және Жұмыспен қамту жол картасын тиіс деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.