Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирусқа қатысты ахуал қалай өзгерді?

Коронавирусты жаңадан жұқтырғандар Шымкенттен өзге өңірдің бәрінде тіркелді. Павлодарда 75, Алматыда 72, Шығыс Қазақстан облысында 68 адам COVID-19-бен ауырғаны белгілі болды.

Өңірлерде бүгінге дейін және кейінгі тәулікте тіркелген дерек саны:

Шығыс Қазақстан облысында — 18279 (+68);

Нұр-Сұлтанда — 17 613(+58);

Алматыда — 17 532(+72);

Атырау облысында — 12 561(+49);

Қарағанды облысында — 11 696(+30);

Батыс Қазақстан облысында — 8 822(+40);

Павлодар облысында — 8 321(+75);

Солтүстік Қазақстан облысында — 7 966(+63);

Қостанай облысында — 6 875(+65);

Ақмола облысында — 6 631(+58);

Алматы облысында — 6 516(+41);

Шымкентте — 5 452(+0);

Жамбыл облысында — 4 848(+8);

Ақтөбе облысында — 3 629(+6);

Түркістан облысында — 3 580(+5);

Маңғыстау облысында — 3 574(+13);

Қызылорда облысында — 3 341(+1).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 147 236-ға жетті, барлығы 131 606 адам COVID-19-дан жазылып шықты.