Жаппай вакцина салдыру ерікті түрде болады. Ең әуелі, вакцинаны медицина қызметкерлеріне, педагогтарға және созылмалы аурулары бар адамдар тобына егу жоспарланып отыр. Бүгін QazCovid-in деп аталатын вакцинаның III, соңғы фазасы басталды. Оны 3 мыңға жуық ерікті салдырады, бұл сынақ желтоқсанның соңында аяқталады.
Үкіметтің мәліметінше, қазақстандық вакцина қауіпті емес, ал оның тиміділігі 96% деңгейінде.
Бұл — белсенді емес вирус вакцинасы. Оны Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Қазақстан ғылыми-зерттеу институты 2020 жылдың мамырында жасап шығарды.
Бұған дейін Асқар Мамин коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның пайдасы туралы айтқан еді. Үкімет басшысы осы жылдың соңына дейін 2 миллион мөлшер көлеміндегі отандық вакцинаның алғашқы партиясы шығарылатынын мәлімдеді. Оған қоса, Қазақстанда 2020 жылдың 22 желтоқсанынан бастап ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру қолға алынады.
Тағы оқыңыз:
Коронавирус вакцинасы қалай жасалып, қандай тексеруден өтеді?