Қазақстанда коронавирустың 719 жаңа дерегі тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 719 адам жұқтырып, 427 адам аурудан айықты, 7 адам қайтыс болды.

маска, коронавирус
Фото: Күнту Арынбек

Ең көп науқас Атырау және Павлодар облыстарында тіркелді. Бұл аймақтарда вирусты 95 адамнан жұқтырған.

Шығыс Қазақстан облысында — 18151 (+63),
Нұр-Сұлтан қаласында -17487(+55),
Алматы қаласында — 17409(+65),
Атырау облысында — 12438(+95),
Қарағанды облысында — 11634(+32),
Батыс Қазақстан облысында — 8745(+37),
Павлодар облысында — 8166(+95),
Солтүстік Қазақстан облысында — 7837(+64),
Қостанай облысында — 6744(+67),
Ақмола облысында — 6514(+58),
Алматы облысында — 6450(+45),
Шымкент қаласында — 5449(+0),
Жамбыл облысында — 4834(+14),
Ақтөбе облысында — 3615(+11),
Түркістан облысында — 3571(+7),
Маңғыстау облысында — 3549(+10),
Қызылорда облысында — 3339(+1).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 145 932 адамға жетті. Оның 129 952 науқасы жазылды, 2 180-і қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 22 жаңа дерек тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 86 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 44 360 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, оның 470-і қайтыс болды, барлығы 32 122 адам аурудан сауығып шықты.