Басты бетҚоғамКөкшетауда мәслихат...

Көкшетауда мәслихат депутаттығына кандидаттар халықты сайлауда дауыс беруге шақырды

Nur Otan партиясының Ақмола және Көкшетау қалалық филиалдарының депутаттығына кандидаттар Сергей Кистин, Роза Арыстанқызы, Әсия Шәрімова және алғаш рет депуттатыққа түсіп отырған Айдын Райысов пен Гүлмира Құсайынова  партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген жеті басым бағыттағы міндеттерге жан-жақты тоқталып, еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-ның басшысы Сергей Кистин тәуелсіздікті еңсерген жылдардағы жетістіктер мен кәсіпкерлік бағытына ерекше көңіл бөліп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктер мен қолдауға назар аудартты. Ол кәсіпкерлердің дамуы үшін біздің нарыққа ең алдымен білімді, бәсекеге қабілетті жастар мен сапалы шикізатқа көңіл аудару қажеттігін атап өтті. Ол тәжірибенсіне сүйене отырып, халықтың жақсы өмір сүруі үшін жұмыс орындарын ашу да кәсіпкерлердің алдында тұрған міндеттердің бірі екеніне тоқталды.

Nur Otan партиясы
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Сайлауалды бағдарламаларын насихаттау барысында жол-көлік қатынастары жайлы, бұл саладағы мемлекеттік қолдаудың шапағаты туралы Роза Арыстанқызы мен Әсия Шәрімова кеңінен әңгімелеп берді. Әсіресе, пандемия кезіндегі туындаған карантин шектеулері кезіндегі теміржол қозғалысының тоқтатылмағаны, бұл саланың ерекшеліктері жайында сөз қозғады.

Бұған қоса, олар мемлекет тарапынан кәсіпкерлердің салықтан босатылғаны, несиесін уақытша тоқтату секілді жеңілдіктер жасалғаны жайлы біраз ойларды ортаға салды. Мұндай жеңілдіктер коронавирус пандемсиясы кезінде кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен бірге қарапайым халыққа да көрсетіліп жатқаны анық мысалдармен келтірілді. Соның ішінде партия тарапынан Елбасының бастамасымен жер-жерде қор құрылып, Biz birgemiz акциясының ұйымдастырылғаны, осы қордан  көпбалалы отбасыларға, ең төменгі зейнетақы алып отырған зейнеткерлерге,  мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға азық-түлік және қаржылық қолдау жасалғаны белгілі. Бұл орайда, облыста 30 мыңға жуық отбасына көмек көрсетілгені айтылды.

Сонымен бірге кездесуде кандидаттар тұрғындарды толғандырған сауалдарды тыңдап, оларға нақты жауаптар берді. Тұрғындар партияның сайлауалды бағдарламаларын қолдайтындарын жеткізді.

Болашақ халық қалалаулылары тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламаларын жан-жақты түсіндірген соң, 2021 жылдың 10 қаңтары күні сайлауға қатысып, азаматтық көзқарастарын танытуларына шақырды. «Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» деп, партияға дауыс беруге келулерін сұрады.

Ескерту: Nur Otan партиясының Ақмола облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.