Bizbirgemiz акциясын нұротандықтар қолдайды

Акцияға Қызылордадағы нұротандықтар да белсенді қатысып, аймақтағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетті. Шараға Jas Otan жастар қанатының еріктілерінен жасақталған шағын топтар, кәсіпкерлер де үлес қосты.

Облыс бойынша 1150-ге жуық әлеуметтік әлсіз топ өкіліне көмек көрсетіледі.

Партия Төрағасының тапсырмасына орай, партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобалары аясында Нұр-Сұлтандағы, Алматыдағы ағайынға атаулы көмек көрсету үшін 150 миллион теңге қарастырылды. Сонымен қатар партияның Орталық аппараты мен барлық филиалының қызметкерлері қосымша көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын аударды.

Елімізде енгізілген шектеу шараларына байланысты облыс бойынша партияның барлық филиалында қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтарды жеке қабылдау жұмысын уақытша тоқтатты. Қазіргі уақытта азаматтарды қабылдау жұмысы Сall-орталықтар мен партияның онлайн-сервис қызметі арқылы жүргізіліп жатыр.