Басты бетҚоғам3-5 желтоқсан...

3-5 желтоқсан күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына қарағанда, республиканың көп өңіріндегі ауа райына оңтүстік циклон атмосфера фронттары әсер етеді.

Қар жауады, жекелеген өңірлерде көп мөлшерде қар түседі, жел күшейеді, боран соғады. Тек батыста аздаған бұлтты және аязды ауа райы сақталады. Кей жерде тұман түседі, — делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.