Боран мен көктайғаққа байланысты 17 жол учаскесі жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, тұман, көктайғақ) еліміздің алты облысында 17 жол учаскесі жабылды. Көлік қозғалысына тыйым салынған жолдардың жалпы ұзындығы - 1 796 шақырым. 

Нұр-Сұлтан, қарлы боран
Фото: Александр Куприенко

“Қазавтожол” компаниясына сілтеме жасаған Zakon.kz-тің хабарлауынша, қазіргі кезде Қазақстандағы көлік жолдарының 7,2%-і жабық тұр.

Көлік қозғалысына мына жол учаскелерінде шектеу қойылды:

1. Нұр-Сұлтан – Щучинск, 18-231-шақырымдар;

2. Екатеринбург – Алматы, 856-917-шақырымдар, СҚО шекарасы – Жақсы ауылы;

3. Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті, 16-235-шақырымдар;

4. Щучинск – Зеренді, 0-80-шақырымдар;

5. Екатеринбург – Алматы, 1006-1247-шақырымдар;

6. Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы, 105-123-шақырымдар;

7. Қызылорда – Павлодар, 1066-1135-шақырымдар, Молодежный ауылы – Павлодар облысы шекарасы;

8. Екатеринбург – Алматы, 686-729-шақырымдар, Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы;

9. Қызылорда – Павлодар, 1135-1208-шақырымдар, Қарағанды облысы – Шідерті ауылы;

10. Қызылорда – Павлодар, 1208-1251-шақырымдар, Шідерті ауылы – Екібастұз;

11. Екатеринбург – Алматы, 729-856-шақырымдар, Қостанай облысы шекарасы – Ақмола облысы шекарасы;

12. Жезқазған – Петропавл, 595-701-шақырымдар, Ақмола облысы – Новоишимка ауылы;

13. Жезқазған – Петропавл, 701-795-шақырымдар, Новоишимка ауылы – Сергеевка ауылы;

14. Волошинка – Сергеевка – Тимирязево, 75-119-шақырымдар;

15. Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысы шекарасы, 0-31-шақырымдар;

16. Булаев – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощенское, 0-228-шақырымдар;

17. Алматы – Өскемен, 971-1068-шақырымдар, Қалбатау – Қасым Қайсенов;