Басты бетҚоғамТүркістан зертханалары...

Түркістан зертханалары коронавирусты анықтау үшін тәулігіне 5000 тест өткізуге дайынтәулігіне

Түркістан облысының медициналық ұйымдарында орналасқан зертханалар тәулігіне Covid-19-ды анықтау үшін 5000 тест өткізуге дайын.

Аймақта пандемияның екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілген. Инфекциялық стационарларда науқастарды қабылдауға 600 төсек-орын әзірленген. Сондай-ақ, 340 орындық карантиндік стационар қосылды. Жалпы, эпидемияның ықтимал өршуін ескере отырып, облыс бойынша 6000-ға жуық төсек-орын қарастырылған. Бұдан басқа, барлық емдеу мекемелері дәрі-дәрмектердің екі-үш айлық қорымен қамтамасыз етілген.

Түркістан облысы бойынша жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырған 3430 жағдай тіркелген. 3362 науқас сауығып кетті. Соңғы бір тәулікте індеттің симптомсыз түрімен 2 науқас тіркелді. Инфекциялық стационарларда қазір 44 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 1 науқас коронавирус инфекциясына, қалғандары вирусты пневмонияға шалдыққандар.