Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтандағы дәмханадағы...

Нұр-Сұлтандағы дәмханадағы жарылыс бойынша іс қозғалды

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша соталды тергеу басталды. Өрт-техникалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу амалдары полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазақстанның Қылмыстық кодексі бойынша оқиғаға кінәлі адам 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айрыла отырып сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, 21 қарашада Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды. 23 адам ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстан бір әйел қайтыс болды. Қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында қайтыс болған әйелдің отбасына көмек берілетінін жазды. Оған қоса, әкім Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды.