Алматы жастары арасында «Бұрынғы арландар мен бүгінгі тарландар» атты пікірсайыс турнирі өтті

Турнирге бүгінде әр саланың білікті маманы саналатын еліміздің жан-жағынан пікірсайыстың аға буындары келді. Оның ішінде Нұрбек Матжани, Мақсат Жақау, Жасұлан Кушебаев, Мақсат Сералы, Нұржан Әбдіразақов, Мақсат Халықов бар.

Пікірсайысшылардың «Қағазбастылықтан жұмысбастылыққа көшу», «Азаматтық қоғамды қалыптастыру» механизмдері , «Қазіргі қоғамды «құл» етіп отырған басты фактор» сынды мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді талқылап, жастардың қоғамдық-саяси өмірге етене араласуына мүмкіндік берді.

Аталмыш шара Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы қарсаңында, қала жастарының жан-жақты дамуына әсер ету мақсатында ұйымдастырылды. Атап айтсақ, пікірсайыс ойындары жастардың тұлғалық қалыптасуына, сапалы білім иесі болуына, сонымен қатар еркін ойлап, ойын жүйелі, ашық айта алуға септігін тигізеді.