Ауыр атлетика федерациясына жаңа бапкер келді

Мельниковтың бапкерлік тәжірибесі 30 жылды құрайды. Ол бұған дейін Татьяна Хромова, Вячеслав Ню, Бақыт Ахметов, Алла Важенина мен Надежда Ноғай сынды спортшылардың жеке бапкері болып келген еді.

59 жастағы Юрий Мельников Шымкент қаласында дүниеге келген. 1985 жылдан бастап бапкер қызметін атқарып келеді. Мельников 1992-2002 жылдары Қазақстан құрамасының бапкері де болған. 2000-2002 жылдары әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. Айта кетейік, Юрий Мельников соңғы жылдары Шымкенттегі спорт мектептерінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, Мельник «Кұрмет» және басқа да Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы және 20-жылдығы қарсаңында сыйланған медальдарға ие.

Дереккөзvesti.kz