Басты бетҚоғамҚазақстанда жұмыс...

Қазақстанда жұмыс орнында жаттығу жасау ережелері бекітілді

Ереже бойынша физикалық жаттығулар ұйымдарда жұмыс уақытында жүргізілуі керек. Жұмыс беруші орындалатын жұмыс түріне, еңбек жағдайына, қызметкердің жасына және жынысына байланысты жаттығуларды дайындайды.

Жаттығу жасайтын бөлме таза болуы керек екені және жаттығу жасар алдында ол бөлме желдетілуі қажет екені айтылады.

Сонымен бірге денсаулық сақтау министрінің айтуынша, физикалық жаттығулар жұмыс күнінің бірінші жартысында 10-15 минут уақыт алуы керек. Одан ұзақ уақытқа созылмауы қажет. Жаттығу түрін 3-4 апта сайын астыру қажет болатыны айтылады.

Ережеге сәйкес, денемен оңға, солға бұрылу, аяқтың ұшымен жүру, қол мен аяққа жаттығулар және тағы басқа гимнастикалық жаттығулар жасау керек болады.

ДереккөзTengrinews.kz