Басты бетҚоғамКелесте жалғызбасты...

Келесте жалғызбасты әке жылыжай ісін өркендетіп отыр

Балаларының үлкені 20 жастағы студент болса, ал кішісі 4 жаста. Жалпы 6 ұл, 3 қызды тәрбиелеп отырған «батыр әке» бүгінгі күннің қаһарманы деуге келеді. Кәсіпкерлік салаға бет бұрған ол мемлекет тарапынан берілген көмекті місе тұтып, үй іргесінен 15 сотық жерге жылыжай құрады.

Нәтижесінде, ерте көктемнен қызанақ, қияр өнімін егіп, күзге қарай жерін жыртып, қырыққабаттың көшеттерін сатып, пайда алуды көздеуде. Қолы қалт еткенде, ел арасында құрылыс жұмыстарына шығып, қосымша табысын еселеуде.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында Біртілек ауылдық округіндегі «Алтын ай» балабақшасына күзетші болып тұрақты жұмысқа тартылған.

Жылыжай істеп, бала-шағаның бұйырған несібесін алудамыз. Балалар көмектеседі, көмектескені маған, үйренгені өздеріне жақсы ғой. Ертең үлкен болғанда қиналмайды. Одан қалса, ауылдың ішіндегі құрылыс жұмыстарына араласамын. Нақтырақ айтсам, үйдің төбесін жабуды қосымша кәсіп еткенмін, — дейді көп балалы әке Қанәділ Пернеханұлы.