Мемлекет басшысы өкімдерімен Рустам Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне; Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне; Болат Қуанышбекұлы Сәмбетов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, — делінген жарлықта.
Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қыркүйекте Қазақстанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды. 14 қыркүйекте Серік Жұманғарин агенттік төрағасы болып тағайындалды.