Серік Жұманғарин — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы

Серік Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болды. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, — делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қыркүйекте Қазақстанда екі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды. Олар — Стратегиялық жоспарлау және реформалар, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктері.