Еліміздің кей өңірлерінде жауын-шашын күтіледі

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, солтүстік облыстардың кей жерлерінде күшті жел тұрады

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғып, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады деп болжануда.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумақтарында жел 17-22 м/с дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, аздап боран соғуы мүмкін.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с дейін жел күшейеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, аздап бұрқасындатады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Дереккөзkazhydromet.kz