Президент видеоны «Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы» деген атпен салды.
Еске салайық, кеше, 15 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге барды. Президент «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты. Аталған композиция данышпан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ашылды. Ескерткіште Абай ұлдары Ақылбаймен және Турағұлмен бірге бейнеленген. Содан кейін мемлекет басшысы абайтанушы ғалымдармен кездесіп, «Абай-Шәкәрім» мемориал кешенін аралап көрді.