Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Семейге барды

Мемлекет басшысы Семейге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Президент Абайдың «Жиделі-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориал қорық-мұражайын аралап көреді. Сонымен бірге «Қарағайлы» шағынауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады.

https://www.facebook.com/100003403233694/videos/pcb.3254088781381198/3254088201381256

Бұдан бөлек, ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориал кешені мен ақынның мұражайүйінің тыныс-тіршілігімен танысады, — деп жазды Берік Уәли.