Басты бетҚоғамАлматыда «Бюджетке қатысу» аясында қандай жобалар жүріп жатыр?
Алматыда «Бюджетке қатысу» аясында қандай жобалар жүріп жатыр?
Алматының өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз турын ұйымдастырып, "Бюджетке қатысу" жобасы аясында тұрғындардың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан нысандарды көрсетті.
«Бюджетке қатысу» жобасы арқылы алматылықтар бюджет қаражаты есебінен аула алаңдарын жақсартып, жаңа гүлзарлар немесе тротуарлар сала алады. Яғни тұрғындардың ауданның, көшенің, ауланың қалалық келбетін жақсартуға үлес қосуға мүмкіндігі бар. Ол үшін жобаға қатысуға осы жылдың 20 қазанына дейін budget.open-almaty.kz сайтында өтінім қалдыру қажет. Сараптама комиссиясы сметаны және өзге де құжаттаманы дайындау мәселелеріне көмектеседі. Қандай идеялар іске асырылатыны туралы шешімді белгілі бір аудан аумағында тұратын тұрғындар қабылдайды. Биыл қаладағы әр ауданға 800 млн теңге бөлінді, дегенмен бір жобаның құны 55,5 миллион теңгеден аспауы керек.
Баспасөз турында пайдалануға берілген нысандар және іске қосудың соңғы сатысында тұрған жобалар таныстырылды. Турға қатысушылар Түрксіб ауданындағы балалардың ойын алаңын, Жетісу ауданы Айнабұлақ-1 шағын аудандағы саябақты, Наурызбай ауданындағы баскетбол, футбол және Workout алаңдарын, Медеу ауданының Самал-1 шағын ауданындағы саябақты аралады.
Наурызбай ауданындағы Қалқаман-2 шағын ауданына жоба аясында баскетбол, футбол және workout алаңдары салынған. Бұл аумақта шағын архитектуралық формалар орнатылып, резеңке төсемдер төселген. Наурызбай ауданы тұрғындарының бастамасымен іргелес аулаларды, саябақтарды абаттандыруға, балалар және спорт алаңдарын орнатуға қатысты жеті жоба іске асырылды.
Наурызбай ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің бас маманы Оңалбек Қыдырбаевтың айтуынша, ауданда биыл жоба аясында алты балалар және спорт алаңы салынған.
Мұнда Қалқаман-2 шағын ауданында скейтборд, баскетбол алаңы және workout аймағы бар. Жоба аясында көгалдандыру, аумақты жарықтандыру қарастырылған, — деді Оңалбек Қыдырбаев.
Баспасөз туры қатысушыларына Жетісу ауданының Айнабұлақ-1 шағын аудандағы толық біткен гүлзар таныстырылды. Аумағы 2 400 шаршы метр болатын саябақ аумағында резеңке жамылғы және асфальт төселді. Орындықтар, сайлау жәшігі орнатылған, екі workout алаңы бар.
Жетісу ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің бас маманы Ернар Батыров бұл учаскенің шөп басып кеткен бос жатқан жер болғанын айтты.
«Бюджетке қатысу» жобасының аясында бұл жобаны тұрғындармен бірлесіп жүзеге асырып, олардың ұсынысын қабылдады, — деді Ернар Батыров.
Баспасөз турына қатысушылар Түрксіб ауданы, Бекмаханов көшесі бойындағы Спасская көшесінің бұрышындағы балалар ойын алаңының қазір қалай жөнжеліп жатқанын көрді. Оның жанында футбол алаңы бар. Алаң ойын жабдықтарымен, шағын сәулет формаларымен жабдықталған. Жарық тартылған, орындықтар мен қоқыс жәшігі бар. Алаңдар 11 көппәтерлі және 80-нен астам жеке тұрғын үйге жақын орналасқан.
Түрксіб ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Райхан Нұрпейісованың айтуынша, алаңның негізгі жөндеу жұмысы мамырда басталып, шілдеде аяқталған. Содан бері тұрғындар алаңды пайдаланып келеді.
Жалпы, 2019-2020 жылдарға арналған «Бюджетке қатысу» жобасы аясында Түрксіб ауданында бес жоба жүзеге асырылды, — деді Райхан Нұрпейісова.
Медеу ауданының Самал-1 шағын ауданындағы саябақ та жөнделіп жатыр. Саябақ аумағындағы қоғамдық кеңістікті жайластырумен бірге жасыл аймақты дамыту және жалпы қалалық ортаны жақсарту көзделген. Саябақта спорт алаңы пайда болады, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Жарықпен қамтамасыз ету үшін кабель төселеді, алаң 15 жарықтандыру тіректерімен жабдықталған. Оған қоса, көгал төселіп, 30 түп көшет және 50 бұта отырғызылған.
Медеу ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің басшысы Мақсұт Нұрғалиев жоба авторы шағын ауданның тұрғындары екенін айтты.
Жобаны комиссия мақұлдап, басқа тұрғындар да қолдады. Ол бірауыздан қабылданды, — деді Мақсұт Нұрғалиев.
Өмірбек Жолдасбеков көшесінің бойында балалар алаңдары жеткілікті еді, дегенмен үлкендерге, соның ішінде қарт адамдарға арналған спорт алаңдары болмады. Енді үлкендер де спортпен айналысып, таза ауада серуендейі.