Дін, жат ағым
Көрнекі сурет

Алматының дін істері басқармасының жетекшісі Айдар Есенбековтің айтуынша, қалада радикал болуы мүмкін тұлғаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар адамды радикалдарға сырт келбетімен ұқсас келетін адамдарды ұстауы мүмкін.

“Қала үлкен. Осы идеяларды ұстанатындар бар. Олар біздің арамызда өмір сүріп жүр, оқиды, жұмыс істейді, мешітке барады, заңға қайшы келмеуі мүмкін. Тек заң бұзылса ғана жауапқа тартылады. Бірақ, тек сырт келбетіне қарап ұстауға болмайды. Адам қателеседі. Біреулер бұрыс бағыт берген болуы мүмкін. Олармен әңгімелессе, дұрыс жолға оралып та жатады”, – дейді Есенбеков.

Оның сөзінше, қалада радикалды идеялар насихатталып, адамдарды өз жағына тартуы мүмкін орындарға бақылау жүргізіледі.

“Олар жиналатын бірнеше мешіт бар. (…) Саудагерлері дәстүрлі емес ағымда жүргенін байқататын бірнеше сауда үйі мен базарлар бар. CarCity автобөлшекетер базары бар, аэровокзал бар, телефон сатады ол жерде, назарымызға түскен тағы бір орын Көк базардағы сауда нүктесі. Барахолкадағы кей базарлар, діни оқулықтар сатылатын орындар”, – дейді ведомство басшысы.

Дін істері басқармасының жетекшісі дінге бет бұрғысы келген, бірақ, радикалды ағымдар жетегінде кетіп қалғысы келмейтін тұрғындарға өз ұсыныстарын айтты.

“Мен бірден айтайын Намазға жығылғысы немесе Исламға бет бұрғысы келген адам мешітте қызмет атқаратын  ресми имамға баруы керек. Көшеде біреулермен бұл мәселе бойынша тілдесудің керегі жоқ. Егер бәз біреулер дәріс тыңдауға шақырса, фильм көргуе шақырса, бірден қауіптену қажет. Онымен бармасын, мешітке барсын”, – деп өз кеңесін берді Есенбеков.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!