Басты бетҚоғамХалықаралық IT...

Халықаралық IT университеттің бұрынғы ректоры 8 жылға сотталды

Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, сотқа ЖОО бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен бұрынғы бас есепші Жанайым Спабекова келді.

Дамир Шыныбеков кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасы орташа қауіпсіз мекемеде өтесін. Жеке мүлкін тәркілеу, оның ішінде бірнеше жер учаскесі бар, — деп оқыды үкімді судья.

Жанайым Спабекова да кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, оның да жеке мүлкі тәркіленеді.

Іс материалдарына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі 2013-18 жылдар аралығында университетке 10 миллиард теңгеден аса қаржы аударған. Прокурордың мәліметінше, Дамир Шыныбеков пен Жанайым Спабекова жыл сайын студенттер санын жасанды түрде арттырып, осы сомадан 1 миллиард 727 миллион теңге жымқыған. Ұрланған миллиардтар пәтерлер мен қымбат көліктерге жұмсалғаны белгілі болды.

Еске салайық, Дамир Шыныбеков былтыр 29 мамырда қамауға алынған еді. Ол университет басшысы қызметін 2009 жылдан бері атқарған. 2017 жылы Дамир Шыныбеков Алматы мәслихатының депутаты болып сайланды.