Whatsapp желісі арқылы шағымдануға болады

 

Жедел желіге хабарласуға болатын жағдайлар:

  • Егер мемлекеттік қыз­меттер уақытымен жасалмай жатса;
  • Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет стандарттарында көрсетілмеген құжатты талап етсе;
  • Мемлекеттік қызметкерлер этикалық нормаларды сақтамаса;
  • Жемқорлық оқиғалары туралы хабарлауға;
  • Мем­ле­кеттік қызметке тұруға байланысты ша­ғымдар қабылданып, сұрақтарға жауаптар беріледі.

WhatsApp арқылы жолданған хабарлар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мен «Қарағанды облысы­ның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» ЗТБ бірлесіп жүзеге асырады. «Азаматтық бақылау» жобасының аясын­дағы қоғамдық қабылдау орнына келіп түседі.

Қоғамдық қабылдау орнының мү­ше­лері хабарласқандарға тегін кон­сул­ьт­а­циялық қызмет көрсетіп, қажет болған жағ­дайда олардың құқы мен еркіндігін қорғауға шара қолданады.

— Қабылдау орнына бару үшін халық­тың бәрі Қарағандыға арнайы келе алмайды. Солардың өтініш-тілектері тиісті орындарға тезірек әрі тиімді жетуі үшін осы желіні іске қосып отырмыз, — дейді қоғамдық қабылдау орнының қызметкері Татьяна Савицкая.

Ескертетін жағдай: аты-жөнін жа­сыр­ғандардың арыз-шағымдары қа­ралмайды. Сонымен бірге, қызметтік көліктерді жұмыс уақытынан тыс кезде пайдаланудың немесе мемлекеттік қызметкерлер тарапынан болған басқа да заң бұзушылықтардың фото, бейнематериалдарын жіберуге болады.

Дереккөзegemen.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да