Бұл туралы бүгін мекеменің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов «Эксперт» клубының отырысында хабарлады. Келер жылы да бұл көрсеткіш 17-18 миллиард теңгеден аспайды. Айта кетсек, 2014 жылы мекеме түрлі спорттық, қайырымдылық және мәдени шараларды қолдау үшін 33 миллиард теңге қаражат жаратқан. Енді компания жетекшілері оңтайландыру үрдісін қолға алып жатыр. Бірақ әлеуметтік маңызы бар жобалар қалыптасқан экономикалық ахуалға қарамастан, назардан тыс қалмайды.
«Әрине, біз маңызды әлеуметтік жобаларды алсақ, Аружан Саинмен біз өте жоғары сапалы жобаны асырып жатырмыз. Сондай жобалар бойынша біз демеушілік қолдауымызды қысқартқан жоқпыз. Спорт туралы айтын болсақ, оған қолдауды 2 есе қысқарттық»,- деді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов.
Мәдениет мекемелері де бюджетті оңтайландыруға қызу кірісті. Соған қарамастан, мәдени бағдарламалар жалғасын табады.
«Біз де шығындарымызды барынша қысқарттық. Мемлекетіміздің мәдениетін халықаралық аренада паш ету бағдарламамыз бар. Ол шығындарды да азайтуға тура келді. Бірақ біз өз өнерімізді көрсетуді тоқтатпаймыз. Өйткені елімізді шет мемлекеттерге таныстыратын – мәдениет қайраткерлері. Ол үшін әрине мемлекет пен ұлттық компаниялардың қолдауы қажет»,-деді Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева.