«Самұрық-Қазына» АҚ демеушілік қолдауын 2 есе қысқартты

Бұл туралы бүгін мекеменің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов «Эксперт» клубының отырысында хабарлады. Келер жылы да бұл көрсеткіш 17-18 миллиард теңгеден аспайды. Айта кетсек, 2014 жылы мекеме түрлі спорттық, қайырымдылық және мәдени шараларды қолдау үшін 33 миллиард теңге қаражат жаратқан. Енді компания жетекшілері оңтайландыру үрдісін қолға алып жатыр. Бірақ әлеуметтік маңызы бар жобалар қалыптасқан экономикалық ахуалға қарамастан, назардан тыс қалмайды.

«Әрине, біз маңызды әлеуметтік жобаларды алсақ, Аружан Саинмен біз өте жоғары сапалы жобаны асырып жатырмыз. Сондай жобалар бойынша біз демеушілік қолдауымызды қысқартқан жоқпыз. Спорт туралы айтын болсақ, оған қолдауды 2 есе қысқарттық»,- деді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов.

Мәдениет мекемелері де бюджетті оңтайландыруға қызу кірісті. Соған қарамастан, мәдени бағдарламалар жалғасын табады.

«Біз де шығындарымызды барынша қысқарттық. Мемлекетіміздің мәдениетін халықаралық аренада паш ету бағдарламамыз бар. Ол шығындарды да азайтуға тура келді. Бірақ біз өз өнерімізді көрсетуді тоқтатпаймыз. Өйткені елімізді шет мемлекеттерге таныстыратын – мәдениет қайраткерлері. Ол үшін әрине мемлекет пен ұлттық компаниялардың қолдауы қажет»,-деді Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева.

 

Дереккөз24.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Автокөлікке VIP-нөмірді онлайн таңдауға болады

Былтыр автокөлік иелері шамамен 6 миллиард теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ертең кейбір өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады

5 маусымда елдің кей өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері осыған байланысты ескерту жасады. 

Елена Рыбакина әлемдік рейтиңнің үздік үштігіне енді

«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтиңінде жоғарылады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Оралда репрессия құрбандары туралы 9 кітап жарық көрді

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Батыс Қазақстандағы саяси-қуғын сүргін саясатының нәтижелері: тарих пен тағдыр» тақырыбында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.

Бауырын бағып өскендер. «Кішкентай ата-ана» болғанның кесірі көп пе?

Практик-психолог Әсем Лесбай "кішкентай ата-ана" синдромын түсіндіріп, екінші ата-ана болып өскен балалардың проблемасын талдап берді.

Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылады

Бүгін, 1 маусымда еліміздің барлық мектебінде оқу жылы ресми түрде аяқталады. Білім ошақтарында салтанатты жиын өткізу жоспарланған.