Данэлия Төлешова America’s Got Talent байқауының финалында жеңіліп қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Дауыс беру қорытындысы шоудың ресми парақшасында жарияланды.
https://www.instagram.com/p/CFgN2WonX99/
Еске салайық, қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының финалында өнер көрсеткен.
Шоудың 15-маусымының финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді. Қазақстандық әншінің өнері конкурстың YouTube каналында және Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Данэлия Төлешова австралиялық әнші Sia-ның Alive әніне кавер орындады.
Финалға 10 артист қатысты, оның алтауы — түрлі жастағы әнші.
Еске салайық, шоудың өткен кезеңінде Данэлия Төлешова тәулік ішінде көрермендер көп дауыс берген фавориттердің қатарында болды.
