Қазақстанда алдағы 3 тәулікте ауа райы қандай болады?

Мамандардың болжамына қарағанда, аптаның ортасынан бастап Қазақстанның солтүстігі мен шығысындағы ауа райына Атлантика циклоны әсер етеді.

Соның әсерінен жауын-шашын жауады және жел күшейеді, ауа райы салқын болады, — деп хабарлады синоптиктер.

Аптаның соңына қарай елдің көп өңіріндегі ауа райын Батыс антициклоны анықтайды. Оның әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтайды, елдің оңтүстік-шығысында үсік болады. Республиканың тек батысында ауа райы жылы болады.