Нұрбақыт Теңізбаевқа Бейжің олимпиадасының күміс жүлдесі берілді

Естеріңізге сала кетейік, Бейжің олимпиадасында грек-рим күресінен күміс жүлдені әзірбайжандық Виталий Рагимов алған болатын. Бірақ Рагимов допинг қолданғаны үшін медалінен айырылып, ХОК оның жүлдесін Олимпиада да үшінші орын алған қазақстандық балуанның еншісіне жазды.

Алайда, Нұрбақыт Теңізбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына бұл жүлденің Виталийге және оның отбасына тиесілі екенін, өзіне қола жүлдесінің қымбат екенін айтты.