Жасанды тері, медицина, дәрігер
Көрнекі сурет

Ғалымдардың айтуынша, жасанды тіндер күйік шалған адамдарды емдейтін маңызды материал болып саналады. Қазіргі уақытта тері трансплантациясы әлемдегі өзекті мәселе болып отыр. Себебі күйік шалған жағдайда тек жасанды тері арқылы ғана тығырықтан жол табуға болады.

Беларусь ғалымдарынының ашқан жаңалықтары бойынша, жаңа жасанды тін күйік орнын жабады және оның астынан жаңа тері жабыны өсіп шығады. Нәтижесінде, жасанды материал термиялық жолмен зақым келген терінің жазылуына септігін тигізеді. 2017 жылдың басында жасанды теріні көптеп өндіріп, медицинада қолдана бастайды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!