Түркістан облысында биыл алғаш рет арамшөптермен қатар, өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 477 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов мәлімдеді. Нәтижесінде 343 түрлі пестицидтер құнының 50% субсидияланды. Қазіргі таңда осы жұмыстар бойынша агроқұрылымдардан өтінім қабылдау басталды.
Үкіметтің қолдауымен көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге «Кең дала» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Бағдарлама аясында жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6%-пен несие бөлініп, бүгінгі таңда 1332 жоба қаржыландырылды, деді Н.Бадырақов.
Жоғарыда аталған қолдаудың нәтижесінде, елімізде жарияланған карантиндік режимге қарамастан өсімдік шаруашылығының даму қарқыны тұрақты сақталып отыр. Атап айтқанда:
Масақты дақылдар бойынша жалпы көлемі 513,2 мың тонна өнім жиналды. Өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 64,4 мың тонна дән қамбаға артық құйылды.
Астық оруға қолда бар 993 дана астық комбайндары қатысып, өнім дер кезінде жиналды.
Биыл 1,5 жылдық, яғни 3,7 миллион тонна мал азықтық дақылдарын жинау жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дейін жоспардың 97%-ы толықтай орындалды.
Сонымен қатар өңірдегі мал басының ұлғаюына орай, жем-шөп қорына сұраныс жылдан-жылға артуда. Нәтижесінде, нарықта жем-шөптің бағасыда артып, мал азықтық дақылдар еккен 17740 агроқұрылымдардың өнім көлемі мен табыстары артып келеді.
