Есік қаласының 60 тұрғынына Конституция күніне орай баспана кілті табысталды

Еңбекшіқазақ ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 60 жалдамалы пәтер берілді. Бүгінде 24 отбасы кілттеріне ие болса, қалғандары жақын арада комиссияға тапсырылмақ.

Есік қаласының 4-ші ықшамауданында орналасқан көпқабатты үйлердің кілтін аудан басшысы Қуанышбек Қашқынбаев табыс етті.

Бүгінгі таңда көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар және жетім балалар қоныс тойын тойлауда. Бұл пәтерлер аудан әкімдігінің жоспары бойынша бой көтерген, бұл пәтерлердің құрылысына мемлекеттік бюджеттен 709 миллион теңге бөлінген.

Көпқабатты үйдің маңында 3 мектеп, аудандық аурухана, полиция бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) және басқа да мемлекеттік мекемелер жақын орналасқан.

Ауданда көпбалалы отбасылар санатынан, жетім балалардан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, халықтың әлеуметтік осал топтарынан, тұрғын үйі апаттық деп танылған азаматтардан, мемлекеттік қызметкерлерден, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінен бастап тұрғын үй кезегінде 2581 адам бар. Бүгінгі таңда 30 көпқабатты екі тұрғын үй салынуда, алдағы жылдары 180 отбасыға арналған 3 үй салу жоспарланып отыр, — деді аудан әкімі.