АИ-92 бензині қолма-қол ақшаға сатылмай жатыр

«ҚазМұнайГаз» анықтама бөліміндегілердің айтуынша, қазіргі уақытта АИ-92 маркалы бензин тек клуб картасы немесе талоны бар клиенттерге сатылып жатыр.

«Клиентте карта немесе талон болса, ол еш қиындықсыз жанармайын құйып алады. Дәл қазір біз АИ-92 маркалы бензинін қолма-қол ақшаға сата алмаймыз. Кейбір жерлерде АИ-92 қолма-қол ақшаға сатылып жатыр. Бірақ онда тек 10 немесе 20 литр жанармай құюға болады», — деді компанияның анықтама бөліміндегілер.

Сондай-ақ, олар «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттеріне қысқы дизель отыны келмегенін айтты. Қысқы дизель отыны әзірше тек Астанада, Алматыда және Павлодарда бар екен.

 

ДереккөзTengrinews

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да