Кездесуде өңірдегі дәрі-дәрмек қоры мен емдеу мекемелеріне жеткізілетін дәрілік заттар мен медицина бұйымдарын сатып алу және қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта өңірде жұқпалы және провизор стационарларда COVID-19 пандемиясын емдеуге арналған дәрілік заттардың 2 айға дейінгі қоры қалыптасты. Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтіліп, бес атаудан тұратын COVID-19 нозологиясы енгізілген. Бұл арқылы ПЦР-тестінің нәтижелеріне қарамастан аурудың жеңіл ағымында COVID-19 диагнозы қойылған пациенттер емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша антипиретиктер мен антикоагулянттарды ала алады.
Қабылдау кезінде Айжан Еділова транзиттік қоймадағы сұранысқа ие 26 атау бойынша дәрілік заттардың 2 айлық қоры қалыптасқанын, логистика хабтарының жұмыс форматы өзгергенін айтты.
Оның айтуынша, есепке алуды жеделдету үшін хабарлама қызметкерлерінің саны артып, өңірлік қоймаларға жететін рейстер саны аптасына 1-ден 3 ретке дейін көбейген.
Қазіргі таңда вируспен күресу үшін Қызылорда облысының медицина ұйымдарына жалпы сомасы 451 миллион теңгеден астам қаржыға 80 түрлі дәрі-дәрмек алынған. Сонымен қатар жақын күндері короновирус эпидемиясымен тіркелген науқастарды емдеу үшін стационарларға 83 миллион теңгеден астам қаражатқа дәрі-дәрмектер түседі. Емдеу мекемелеріне қажет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін «СК-Фармация» ЖШС пациенттерге 2,2 миллиард теңгеден астам қаржыға дәрі-дәрмек берген. Ал стационарлық көмекке мұқтаж пациенттер үшін өңірдің медицина ұйымдарына 4,6 миллиард теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынған.
Облыс әкіміне департамент басшысы Ғалия Байменова дәріханалардағы дәрі тапшылығын болдырмау бағытында атқарылған жұмыстарды атап шықты. Ол күзгі және қысқы маусым кезеңінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен дәрілік тұрақтандыру қорын құру үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мәселесіне тоқталды.
Қазіргі уақытта өңірде 328 дәріхана желісі қызмет етеді. Оның 311-і жеке меншік нысанға қарайды. Ал 157-сі ауылдық елді мекендерде орналасқан.
Департамент басшысы тұрғындардың жеке қауіпсіздігін сақтауға қажет медициналық бетперде тапшылығы туындамайтынын айтты. Қазіргі күні дәріханаларда 128 мыңнан аса медициналық бетперде қоры бар. Сала басшылары өткен айлармен салыстырғанда дәрілік заттардың қорының тапшылығы қазірде туындамайтынын және қажет қорлардың бар екенін баяндады. Бұл ретте дәрілердің айналым қаражаты негізінде қажеттілігіне қарай қор жасалатын болады.
Қабылдау соңында облыс әкімі сала басшылары халық сұранысындағы дәрілік заттардың тізбесін әзірлеп, дәріханаларда қосымша дәрілік заттардың мол қорын жасақтауды тапсырды. Сонымен қатар қаланың шет аймақтарындағы дәріханаларға тұрақты бақылау жүргізуді міндетті. Мұнан бөлек, емдеу мекемелеріндегі стационарларда науқастарға қажет препараттар, қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуді және бұл жұмыстарды ұдайы бақылауды алуды ескертті.