Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Президент Асқар Маминмен карантинді жеңілдету туралы әңгімелесті

Фото: Akorda.kz
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Премьер-министр Мемлекет басшысына елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері туралы баяндады.

Президентке тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, күзгі жиын-терім жұмыстарын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар кездесуде эпидемиология жағдайын тұрақтандыру және карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету мәселелері сөз болды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, Қазақстанда 17 тамыздан бастап карантин режимі босаңсыды. Алайда эпидемиология жағдайын одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.