Baribar.kz журналистері өрт болған орынға 00.24-те келді. Бұл уақытта киностудия маңына біраз адам жиналған.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Аумағы 400 шаршы метр ошақ 23.10-да, екінші 200 шаршы метр ошақ 23.26-да сөндірілген. 53 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында Төтенше жағдайлар департаменті мен полицияға өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырғанын жазды.

00.29-да Бостандық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Виктор Выхристов өрт оқиғасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Виктор Выхристов
Виктор Выхристов. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Өрт жұмыс уақытынан кейін болған, ғимаратта ешқандай қызметкер болмаған, — деді Виктор Выхристов.

Кейінірек төтенше жағдайлар департаментінің зертханасы өрттің неден шыққанын анықтайды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Шәкен Аймановтың келіні Ирина Айманова киностудияның өртеніп жатқанын естіп бірден осында жеткен.

Ирина Айманова
Ирина Айманова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Киностудияның өртеніп жатқанын естіген соң  көлікке отырып, бірден осында жеттік. Өйткені не болып жатқанын өз көзімізбен көру керек болды. Киностудия біз үшін қымбат. Өйткені оның негізін Шәкен Кенжетайұлы қалады. Біз киностудия музейі өртенген жоқ па, соны уайымдадық. Өйткені онда Шәкен Аймановқа тиесілі көп зат бар. Құдайға шүкір, ол жақ өртенбеген екен, — деді ол.

01.19-да «Қазақфильм» киностудиясы аумағы тынышталды. Адамдар тарады. Мұнда тек төтенше жағдайлар департаменті мамандары мен полиция қызметкерлері жүр.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы Instagram-парақшасына өрт туралы жазды.

Киностудия әкімшілігі ТЖД және полиция қызметкерлері мен Алматы әкімдігіне жедел әрекет еткендері үшін шын жүректен алғысын білдіреді. Өртті сөндіруге көмектескен «Қазақфильм» қызметкерлері мен Nomad тобының каскадерлеріне де ерекше алғыс. ТЖД мәліметінше, өрттің таралу қаупі жоқ. Сіздерді алдағы оқиғалар туралы хабардар етеміз, — делінген хабарламада.

View this post on Instagram

Достар, өкінішке орай Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының аумағында өрт болғанын хабарлауға мәжбүрміз. Киностудия әкімшілігі ТЖД және полиция қызметкерлері мен Алматы қаласының әкімдігіне жедел әрекет еткендері үшін шын жүректен алғысын білдіреді. Өртті сөндіруге көмектескен «Қазақфильмнің» қызметкерлері мен Nomad тобының каскадерлеріне де ерекше алғыс. ТЖД мәліметінше, өрттің таралу қаупі жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 53 адам мен 16 техника жұмылдырылды. Сіздерді алдағы оқиғалар туралы хабардар етеміз. ~~~ Друзья, к сожалению, вынуждены сообщить, что на территории киностудии «Казахфильм» им.Ш.Айманова» произошёл пожар. ⠀ Администрация киностудии выражает большую благодарность сотрудникам ДЧС, полиции и Акимату г.Алматы за оперативное реагирование. ⠀ Отдельная благодарность сотрудникам «Казахфильма» и каскадёрам группы Nomad, которые лично помогали в тушении пожара. ⠀ По сообщению ДЧС, угрозы распространения огня нет. Информации по пострадавшим не поступало. В ликвидации пожара задействованы 53 человека и 16 единиц техники. ⠀ Мы будем держать вас в курсе событий.

A post shared by АО "Казахфильм" им.Ш.Айманова (@kazakhfilm_official) on