«Абай әндері» байқауының нәтижесі онлайн режимде жарияланды

Қатысу шарттары бойынша Абай Құнанбаевтың сүйікті туындысын таңдап, оны видеоға түсіріп жолдау керек еді.

Байқаудың Ұйымдастыру комитетіне 6-дан 72 жасқа дейінгі қатысушылардан 70-тен астам өтініш келіп түсті. Өтініштер Қазақстанның барлық аймағынан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Қызылорда, Ақтөбе, Жаңаөзен, Екібастұз, Арқалық, Талдықорған, Тараз, Қызылорда және Түркістан облыстарынан түсті. Өтініш тіпті Моңғолиядан келді.

Байқаудың ерекшелігі — онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтауға көрерменнің тікелей қатысуы. Сайыс жеке және ансамбльдік өнер бойынша екі номинация бойынша өтті.

«Жеке орындау» номинациясындағы жеңімпаздар төрт жас ерекшеліктері арасында анықталды:

4 жастан 14 жасқа дейін: 1 орын Алангир Нурғожанов (Алматы), 2 орын Алора  Қуанышбекова (Талдыкорган), 3 орын Қабілет Әбдірайым (Қызылорда облысы);

15 жастан 25 жасқа дейін: 1 орын Жібекжан Сембинова (Өскемен), 2 орын Сая Сейлханова (Алматы облысы), 3 орын Жанарбек Лашын (Моңғолия);

26 жастан 44 жасқа: 1 орын Қуаныш Турдыжан (Каскелен), 2 орын Мақсат Падсабаев (Нұр-сұлтан), 3 орын Жадыра Мұзбаева (Актөбе);

44 жас және одан үлкен: 1 орын Гүлназ Шарипова (Алматы), 2 орын Күлсін Оразалина (Қарағанды ​​облысы), 3 орын Балкен Ибраева (Павлодар).

«Ансамбльдік орындау» номинациясы бойынша: 1 орын «Арнау» ансамблі (Көкшетау), 2 орын «Шабыт» ансамблі (Тобыл, Костанай облысы), 3 орын «Апрель» ансамблі (Алматы).

Абайдың 175 жылдығына орай 2020 жылы шығармашылық ұжым түрлі бағдарлама дайындады. Мерейтой аясында ТҮРКСОЙ елдері өкілдерінің қатысуымен «Абай әлемі» халықаралық фестивалін өткізу жоспарланған еді. Пандемияға байланысты кей іс-шарадан бас тартуға тура келді, кейбіреулері кейінге қалды, ал көбі онлайн режимде өтті. Осындай жобалардың бірі — әртүрлі жастағы кәсіби емес орындаушылар арасындағы «Абай әндері» онлайн байқауы. Байқаудың мақсаты — қазақтың ұлы ойшылы, ақын, композитор Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы қазақтың ұлттық мәдениетіне қызықтыру, сонымен қатар талантты және дарынды орындаушыларды анықтау. Байқау жеңімпаздарын 10 тамызда, ақынның туған күні мен жаңа мереке «Абай күнінде» жариялау символикалық мағынаға ие, — деді Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Ая Қалиева.

Абай атындағы ҚМАОБТ өз көрермені мен театр өнерінің жанкүйерлерін осы қиын уақытта сақ болуға шақырады. Көрерменді қуанту үшін театр онлайн режимде мәдени шараларды ұйымдастыру бастамасын қолдайды.