Мазмұнға өту
Басты бет / Басты /

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар

Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Яғни жақсы фото жасау үшін тоқсан фотоаппарат, елу объектив болуы міндет емес. Локация іздеп, шарқ ұрмауға болатынын да ұмытпаңыз. Сәтті суреттің кепілі — идея мен креатив. Қиялға еркіндік беріңіз.

Baribar.kz тілшісі Алматыдағы кез келген адам әдемі фото түсіре алатын орындарды ұсынады.

Көкбазар

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Түрлі-түсті киім мен өрнектелген кілемдер ілінген қатар, қызыл-жасыл көкөніс пен көздің жауын алатын жеміс-жидек сатылатын орын — табиғи, қанық түсті фотосурет үшін таптырмас фон. Көкбазарды аралап, осындай бір емес, бірнеше локация табуға болады. Тек фотографтың тапқыр болғаны, модельдің өзін еркін сезініп, қысылып-қымтырылмағаны қажет.

Мекенжайы: Жібек жолы даңғылы, 53, Көкбазар.

Вознесенск шіркеуі

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Вознесенск шіркеуін кадрға толық сыйдыру үшін фотоаппаратты төменнен жоғары қарай бағыттаған дұрыс. Ал көгершіндер мен безендірілген ат арба кадрдың қызық әрі әдемі шығуына көмектеседі.

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мекенжайы: 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақ.

Қазақ-Британ техникалық университеті

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақ-Британ техникалық университеті кіреберісіндегі биік бағандар – лайфстайл стилімен қоса, love story түсіру үшін де қолайлы орын.

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мекенжайы: Төле би көшесі, 59, ҚБТУ.

«Столичный» орталық гастрономы маңы

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Адам аяғы аз, тыныш әрі кішігірім көпірі мен қыз мүсіні бар бұл жер «Столичный» орталық гастрономының жанында орналасқан. Локацияда lovestory стилінде фотосессия жасауға болады.

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мекенжайы: Абылай хан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы.

Кафе

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Лайфстайл мен стритфото стиліндегі эмоцияға толы ерекше сессия жасау үшін кез келген көше кафесін таңдауға болады.

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мекенжайы: Кез келген көше кафесі

Тұңғыш Президент саябағы

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Тұңғыш Президент саябағы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жапон бағы — әдемі кадрыңыздың кепілі. Күншығыс елі стиліндегі орындықтар мен шамдар, гүлзарлар мен көгалдар, мәңгі жасыл ағаштар көздің жауын алады.

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Фотосессияңыз барынша әсерлі шығуы үшін жапон халқының ұлттық киімі мен әшекейін, сол стильдегі макияж бен қолшатыр сияқты қосымша бұйымдарды пайдалануға кеңес береміз. Саябақтың соңына қарай бағыт алсаңыз, шығыс стиліндегі шатырлы орындықтарды кездестіресіз. Мұндай сұлу көрініс пен Іле Алатауынан соққан салқын самал сізді ерекше күйге бөлері анық.

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мекенжайы: Науаи мен әл-Фараби көшелерінің қиылысы.

«Нұрлы Тау» тұрғын үй кешені

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Терезелі биік ғимарат — нағыз сәтті кадр жасайтын жер. Ал таңертең және кешке келсеңіз, алып әйнекке шағылысқан аспан бейнесі фотоның әсерін арттыра түседі.

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мекен-жайы: әл-Фараби көшесі, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы

The Ritz Carlton қонақүйі мен Esentai Mall тұрғын сауда орталығы

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматы символына айналған бұл ғимараттардың ассиметриялы, қанық түсті терезелері көк аспанмен шектесіп жатыр. Балалар ойын алаңы, жап-жасыл көгал, тағы басқа алуан түрлі ерекше детальдар отбасылық, лайфстайл және үйлену тойы фототүсіріліміне арнап жасалғандай.

Мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 77/8.

Көк-Төбе

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Көк-Төбеден қарағанда. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Аспалы жолмен әуе трамвайы арқылы көтеріліп, биік таулардың әсем көрінісінен ләззат алатын, Алматының ең сұлу жерлерінің бірі – Көк-Төбе!

Метро

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Еліміздегі алғашқы әрі жалғыз метрополитен Алматыда орналасқан. Фондағы пойыздың жылжуы басты объектіге назар аудартуға көп әсер етеді. Ең бастысы, қауіпсіздікті ұмытпаңыз!

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Біз ұсынған орындар — алысқа кетпей-ақ, қала ішінде керемет кадрлар жасауға арналған локациялар. Ал астыңызда көлік, профессионал деңгейде суретке түсуге мүмкіндік беретін құрал-жабдығыңыз бен құлшынысыңыз болса, мына орындарға баруға кеңес береміз:

  • Шымбұлақ;
  • Үлкен Алматы көлі;
  • Ой-Қарағай;
  • Қапшағай;
  • Шарын шатқалы;
  • Кім-Асар шатқалы;
  • «Ариал» гольф клубы;
  • Көк-Жайлау;
  • Көлсай;
  • Көмірші шатқалы, Асы үстірті;
  • Есік көлі;
  • Көкнәр жазығы;
  • Іле өзені жағасы мен Көшпенділер қамалы;
  • Алакөл;
  • Алтын-Емел ұлттық паркі;
  • Айғай құм;
  • Медеу.