Биыл Алматы облысында 46 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2017-2021 жылға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2020 жылы 18,2 миллиард теңге бөлінді.

Бірінші бағыт бойынша 4040 адамды кәсіби оқытуға 2281,1 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде: 1535 адамға тегін кәсіби техникалық білім беруге – 1703,0 миллион теңге; 2505 адамды қысқа мерзімдік кәсіби оқытуға 578,1  миллион теңге бөлінген. 2020 жылдың 1 шілдесіне 881 адам қысқа мерзімдік оқытуға жіберілді.

Екінші бағыт бойынша 5695,6 миллион теңге бөлінді. Оның 4791,3 миллион теңгесі — 1094 әлеуетті қатысушыға шағын несие беруге, 90,0 миллион теңгесі – қалалар мен ауылдарда шағын несиелерді кепілдендіруге, 10 миллион теңгесі шағын қаржылық ұйымдардың операциялық шығындарын субсидиялауға қарастырылды.

Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде  857,6 миллион теңге сомалық 210 микрокредиттер берілді (жоспар: 4552,1 миллион теңге 1080 адамға), қалаларда 2019 жылдың қаржысы есебінен 9 адам  97,5 миллион теңге сома шағын несие алды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2900 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған, қазіргі уақытта оған 1217 адам бағытталды. Жаңа бизнес-идеяларды дамытуға 1645 адамға жалпы сомасы 804,3 миллион теңге мемлекеттік гранттар бөлу жоспарланған. Қазіргі уақытта 247,4 миллион теңге болатын 462 грант берілді.

Үшінші бағыт бойынша 10,2 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 1078 адамға 240,7 миллион теңге бөлінді. 2020 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, 1181 адам бағытталды; жастар практикасына – 1912 бітірушіге 760,3 млн.теңге, 780 бітіруші жіберілді; қоғамдық жұмысқа – 27774 адамға 9173,0 миллион теңге, 13633 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды.