Қазақстандықтар шілдеде 42 500-ге өтінім жібермесе, тамызда 63 750 теңге ала алады

Үкімет табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңгенің жартысын, яғни 21 250 теңге беруге шешім қабылдады. Көмекке бірінші рет өтініш беретін азаматтарға шілдедегі карантин үшін берілетін 42 500 теңгемен бірге тамызға арналған 21 250 теңге қоса түседі. Сонда азаматтар 63 750 теңге алады. Вице-премьер Ералы Тоғжановтың айтуынша, 42 500 теңгені өтініш бермей-ақ алған азаматтарға 21 250 теңге де автомат түрде түседі.

Бізде бұл бойынша қалыптасқан тәжірибе бар. Қазір 2,1 миллион адам 42500 теңгені алды. Проактив форматта алғандар бар. Қазір бұл мәселемен Еңбек министрлігі айналысып жатыр. Олардағы мәліметі бар азаматтар проактив форматта (өтініш бермей-ақ) автомат түрде ала алады, — деді министр.