Сәтбаевта бұзақылық жасағаны үшін 15 адам ұсталды

Ғимаратқа кіруге талпынған азаматтарды полиция қызметкерлері тоқтатып үлгерген. Бірақ бір топ жастар жолындағы заттарды қиратып, қақпаны, ауладағы орындықтарды, қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішті, полиция ғимаратының аумағындағы шамдарды, терезелердің әйнектерін сындырған. Сонымен бірге, сыртқы бейнебақылау камералары мен қызмет автокөлігі бүлінген. Бұзақылық әрекеттерді ұйымдастырған 15 адам ұсталған.

Келтірілген залалдарды бағалау жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы (“Бұзақылық” “Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру”, “Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта бұзақылық әрекеттерді ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар анықталып, ұсталды. УҰИ-ға 15 адам қамалды. Барлық тергеу әрекеті қолданыстағы заңнама аясында жүргізіліп жатыр, — делінген Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайтында.

Ведомствоның хабарлауынша, ұсталғандарға қатысты азаптау және құқыққа қарсы әрекеттер жасау туралы әлеуметтік желілерде тарап жатқан хабарламалар жалған.

Хабарламалардың авторлары мен жалған ақпаратты таратушыларға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны ескертіледі. Ішкі істер органдары Сәтбаевтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараны қабылдағанын атап өту қажет. Полиция қызметкерлері атыс қаруын қолданбай, ұстамдылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесті. Тергеу жалғасып жатыр. Кінәлі адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаға тартылады, — делінген Polisia.kz сайтында.