Ағылшын тiлiнде пән жүргiзетiн мұғалімдердің жалақысы өседi

Бұл туралы Сенат депутаты Владимир Редкокашин айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

2019-2020 жылы үштiлдiлiк оқу жүйесi аясында жоғары сыныптарда мектептiң таңдауы бойынша «Информатика», «Химия», «Биология», «Физика» пәндерiн ағылшын тiлiнде оқыту жоспарланып отыр.

 «Сондай-ақ бюджет жобасында пәндердi ағылшын тiлiнде жүргiзетiн ұстаздардың жалақысын өсiруге қаражат қарастырылған. Қосымша үстемеақы 2 базалық лауазымдық еңбекақыны құрайды, яғни ағылшын тiлiнде пән жүргiзетiн ұстаздың жалақысы 35 мың теңгеге артады», — дейдi Владимир Редкокашин.

Жалпы, 2017-2019 жылдарға арналған бюджетте бiлiм беру жүйесiн қаржыландыруға 1 трлн 92 млрд теңге көзделген. Оның iшiнде 2017 жылы 435, 9 млрд теңге бөлiнедi. Қаражат мамандарды дайындауға, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, нысандардың құрылысына, дарынды балаларды оқытып, тәрбиелеуге, блiм беру жүйесiн үштiлдiлiк жүйесi аясында әдiстемелiк қамтамасыз етуге, талдамалы зерттеулер жүргiзуге бағытталады.

Сондай-ақ, 2017 жылы зейнетақы көлемi 9 пайызға артады. Барлық әлеуметтiк жәрдемақы түрлерi 7 пайызға өседi. Жалпы зейнетақы мөлшерi орташа алғанда 60 167 теңгенi құрайтын болады.

Ал денсаулық сақтау саласы бюджетiнiң 90%-ы кепiлдендiрiлген тегiн медициналық көмек көрсетуге жұмсалады.

Дереккөзbaq.kz