Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.
Былтыр дәнді дақылдар 97,5 мың гектарға, мал азығы дақылдар 60,2 мың гектарға, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектарға егілді. Биыл дәнді дақыл 1736 гектар, мал азығы дақылдары 2 094 гектар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары егіні 79 гектар артты. Бұған қоса, облыста алғаш рет егістікті әртараптандыру бағытында перспективалы дақылдар — қант құмайы 80 гектарға, соя 170 гектарға, жүгері дақылы 1507 гектарға дейін жеткізілді. Сонымен қатар ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар аграрлы жерге күздік бидай дақылы егілді, — деді Сейілбек Нұрымбетов.
Қазіргі уақытта облыста бес түрлі ауыл шаруашылығы өнімі эскпортталып жатыр. Бұл өнімдер әлемнің 12 мемлекетіне экспортталып келеді. Сонымен қатар Ресей еліне де қарбыз, қауын, көкөніс өнімдері жіберіліп жатыр.