Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, 2020 жылдың қаңтарынан бастап педагогтардың лауазымдық жалақылары 25% көбейді.
Педагогтардаң лауазымдық жалақылары жыл сайын 25% өсіп отырады және 4 жылдың ішінде олардың еңбекақылары екі есе артады.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап дәптер тексергені және класқа жетекшілік еткені үшін төленетін үстемақы көлемі екі есе артады.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 10 айлық есептік көрсеткіш (27 780 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
Одан бөлек бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының тәлімгерлік жүргізетін мұғалімдеріне 17 697 теңге мөлшерінде үстемақы төленеді.