Қызылорда облысында коронавирустан сақтануға қатысты ақпараттық насихат жүріп жатыр

Қызылорда және аудан әкімдіктері, ішкі саясат бөлімдерінің мамандары мен белсенді жастар облыс тұрғындарына түсіндірме жүргізіп, жадынамалар таратып, тақтайшаларға ақпарат ілді.

Қызылорда мен аудан орталықтарындағы қоғамдық орындарда, халық көп шоғырланатын жерлерде барлығы 44 ақпараттық-насихаттық билборд орналастырылды (Арал-5, Қазалы-2, Қармақшы-8, Жалағаш-10, Сырдария-5, Шиелі-5, Жаңақорған-5, Қызылорда-4).

Сонымен қатар адам жиналатын орталық базарларда, қоғамдық көліктерде, көпқабатты үйлердің кіреберістеріне, теміржол және автовокзалдарға 1867 плакат ілінді (Арал-60, Қазалы-50, Қармақшы-50, Жалағаш-57, Сырдария-50, Шиелі-100, Жаңақорған-50, Қызылорда-1500).

Қазіргі уақытта тақырыптық плакаттарды қоғамдық орындарға және ауылдық округтердегі ғимараттарға, қоғамдық көліктерге ілу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сауда орындары мен дүкендерде, қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, антисептик құралдарын қолдануды естен шығармау ескертілді.