Бетперде бетті түгел жауып тұруы керек. Ауа өткізетіндіктен бетперде тігуге мақтадан жасалған мата пайдаланылады. Канал матаның ұзындығын 40 сантиметр, енін 20 сантиметр етіп алуды ұсынады, бірақ қажет болса, бұдан да енді қылып тігуге болады.

Kamalat YouTube-каналы видеосының скрині

Әуелі матаның оң бетін бір-біріне беттестіріп, екіге бүктеу керек. Сонда мата шаршы қалпына түседі.

Kamalat YouTube-каналы видеосының скрині

Ашық тұрған бір жақ енін 1 сантиметр қалдырып, тігіп шығу керек. Содан соң мата оң қаратылып, ашық тұрған екі жағы тігін машинасымен зигзаг етіп тігіледі.

Зигзаг етіп тіккен матаның ұзындығын бетперденің ені етіп, матаны ортасынан екіге бүктеу керек. Пайда болған пішінді де ортасынан бүктеу керек.

Kamalat YouTube-каналы видеосының скрині

Әр бүктеген сайын үтікпен басып отырса, қатпар түсіп, «гармошка» пайда болады. Бұл қатпарлар мұрынды, иекті толық жауып тұру үшін керек.

бетперде тігу
Kamalat YouTube-каналы видеосының скрині

Енді бетпердеге бау тағатын бөлік дайындалады. Ол үшін матаның енін шамамен 1 сантиметр немесе бау сыятындай етіп ішке қарай қайырып, тігу керек.

Kamalat YouTube-каналы видеосының скрині

Бұл жерге резеңкені түйреуішпен өткізеді. Резеңке жіңішке болғаны дұрыс. Қолданып отырған матаның өзінен де бау істеп, тігуге болады.

Kamalat YouTube-каналы видеосының скрині

Бетперде дайын. Қолдан тіккен бетпердені бір күннен артық тақпаңыз. Қолданған соң машинаға арналған кір жуу ұнтағымен ыстық суға мұқият жуу керек.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның санитар дәрігерлері бетпердені қалай дұрыс қолдану керек екенін түсіндірген еді.