Қызылордада «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 98 жоба жүргізіліп жатыр

Өңір басшысы Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысын көрді. Мектеп-лицейді жөндеуге «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржы бөлініп, 100 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 50 азамат қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы қызметке алынған. Жөндеу 15 мамырдан басталған және жылдың соңына дейін бітеді деп жоспарланып отыр. Облыс әкімі тиісті жұмыстарды сапалы жүргізіп, уақытында бітіруді тапсырды.

Мұнан соң өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Колледж 4 мамырдан бастап жөнделіп жатыр. Қазіргі уақытта 74 азамат жұмыспен қамтылған. Оның 37-сі — қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелгендер. Облыс әкімі қала әкіміне жөндеуді жылдың соңына дейін бітіруді тапсырды.

Қызылорда, жөндеу
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Карантин экономикамыздың дамуына әсер етіп отыр. Эпидемиологиялық ахуалмен қатар жұмыссыздық мәселесі де күнтәртібінен түспей тұр. Сол себепті мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, жұмыссыздық мәселесін шешіңіздер. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына аса мән беріңіздер. Колледждің жөндеу жұмысын жыл соңына дейін аяқтау қажет, — деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар өңір басшысы Қазыбек би, И.Журба көшелерінде жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу және «Тағзым» алаңы мен теміржол паркінде жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмысын көрді. Осы көшелерді жөндеуге 58 жаңа жұмыс орны ашылған.

«Тағзым» алаңын абаттандыру 8 шілдеде басталды. 45 адам жұмыспен қамтылып отыр. Теміржол паркінде атқарылатын жұмыстарға 60 жұмыс орны ашылды. Өңір басшысы қала әкіміне бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын бақылап, жұмыстарды белгіленген уақытта бітіруді тапсырды.

Қызылорда, жөндеу
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұдан кейін облыс әкімі мемлекеттік бағдарлама аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Ә.Молдағұлова атындағы №173 және Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектептеріне барды.

№ 173 мектепті жөндеу мақсатында 35 азамат жұмыспен қамтылған. 11 маусымда басталған жұмыс жыл соңына дейін бітеді деп жоспарланып отыр. №112 мектеп 14 мамырдан бері жөнделіп жатыр. Осы бойынша 23 азамат жұмыспен қамтылды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова білім мекемелері уақытылы жөнделіп, жұмыстың сапалы жүргізілуін тапсырды.

Айта кетейік, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылордаға 18 миллиардтан астам тенге бөлініп, 98 жоба жүзеге асып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да