Кешенді тестілеуде талапкер 60 сұраққа жауап береді: базалық пән бойынша алынған академиялық білім деңгейі тексерілетін жалпы бефінді пәннен 20 тасырма және тереңдетілген академиялық білім дегейін, сондай-ақ, практикалық дағды мен ептіліктерін анықтауға бағытталған бейінді пәндерден 40 тапсырманы орындайды. Бұл үшін талапкерге 100 минут уақыт беріледі.
Жалпы бейінді пән – белгілі бір мамандықтар тобына арналған пәндер. Мысалы, барлық педагогикалық мамандықтар үшін жалпы бейінді пән – «Педагогика және психология негіздері», заңгерлік мамандықтар үшін – «Мемлекет және заң негіздері», ауыл шаруашылығы мамандықтары үшін – «Биология», тағы сол сияқты.
Бейінді пән – нақты мамандықты игеруге қажетті пән. Мысалы, болашақ математика мұғалімі үшін бейінді пән – «Математика», құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін – «Қылмыстық құқық», мал дәрігерлері үшін – «Жануарлардың анатомиясы және физиологиясы» деген сияқты әр мамандықтың өз пәні болады.
- Ең жоғарғы көрсеткіш — 70 балл;
- Ең төменгі көрсеткіш — 35 балл.