ШҚО бірқатар аудандарындағы мектептерде сабақ тоқтатылды

Өскеменде желдің жылдамдығы — секундына 1 метр.  Ауа райын ескерген білім басқармасы 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақты тоқтатты. Бұл туралықаланың Білім басқармасы хабарлады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Риддерде ауа райы -32 градусты көрсеткендіктен, 1-9 сынып оқушыларының сабақ болмайды; Семейде -29 градус болғанына байланысты 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне, Шемонаихада -33 градус аяз болып, 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды.

Бұл бірінші ауысымда оқитын оқушыларға қатысты шығарылған шешім. Түскі ауысымдағылардың сабағы болатын-болмайтыны туралы жайырақ хабарланады. Жергілікті басқарманың айтуынша, ШҚО-да ауа райы -28 градустан төмен болып, секундына 1-2 метр жел соқса, 1-4 сынып оқушыларынан бастап, сабақтан босатылады.

Сондай-ақ, қатты аязға байланысты Астана мен Қостанайдағы бастауыш мектептерде сабақ болмайды.

Дереккөзtengrinews.kz