Алматыда қоғамдық көлік жұмысының уақыты қысқарды

Алматыдағы қоғамдық көліктер жұмыс күндері 06.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл шешім қаланың бас санитар дәрігері мен мемлекеттік комиссияның келісімімен қабылданды. Негізгі мақсат — коронавирус инфекциясының тез тарауына жол бермеу, — деді Ерлан Әділетов.

Сонымен бірге ол барлық қоғамдық көлікке график бойынша дезинфекция жасалатынын айтты.

Наурыздағы карантин кезінен автобустарды дезинфекциялау басталған. Ол жұмыс бүгінге дейін жалғасып жатыр, — деді Ерлан Әділов.