«Халыққа әлі көп пайда әкелетініне сенімдімін». Президент Елбасы туралы

Тұңғыш Президентті туған күнімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов те құттықтады.

Фото: Elbasy.kz

Бүгін тарихи күн — Елбасымызың 80 жас мерейтойы. Ол — қазақ халқының ұлы перзенті, ұлы қайраткері. Бүкіл дүниежүзі де солай деп санайды. Ол шынымен ұлы адам, біз бұл туралы айтуымыз керек. Өйткені әр ұлт өзінің көрнекті тұлғаларымен танымал және әр халық тарихи тұлғаларымен мақтануы керек, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары халықаралық беделі туралы да айтты.

Елбасы заманауи мемлекет құрды, дүниежүзі картасынан Қазақстан шекарасын белгіледі. Бұған бүгін Елбасыға хабарласып, құттықтап жатқан дүниежүзінің мықты саясаткерлері де дәлел. 80 жас — әр адамның өміріндегі маңызды кезең. Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ ғұмыр тілеймін. Ол біздің халыққа, мемлекетімізге әлі де көп пайда әкелетініне сенімдімін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрсұлтан Назарбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев және Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 6 шілдеде 80 жасқа толды.